Бас мәзір

Рамазан айы – игі істер жасау айы

60433628 1010470182676607 7351950624440713216 oАғымдағы жылдың 16 мамыр күні аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жанынан құрылған "Мейірім" еріктілер тобының ұйымдастыруымен "Рамазан айы құтты болсын" атты акциясы өтті. ⠀Акция барысында Қасиетті Рамазан айында аудан тұрғындарына ізгі тілектер айтылып су және құрма таратылды.

ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ

8af02aac 1327 47af 854d 697c7fdc4beb Түлкібас ауданының Полиция бөлімінің полицейлері мамырдың 17-18 күндері аудан орталығы «Құрметті азаматтар» аллеясында республикалық "Жолда қабылдау" акциясын өткізуде.
Акцияның негізі мақсаты: жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлігіндегі автокөліктерді тіркеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол жүрісін ұйымдастыру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мәселелері бойынша тұрғындар сауалдарына жауаптар беріліп, кеңестер айтылады.

Толығырақ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «JAS TÚRKІSTAN – 2019» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАРАФОНЫ ӨТТІ

5cdd057c806e0 Бүгін Түркістан қаласында«Jas Túrkіstan – 2019» республикалық балалар шығармашылық марафонының алғашқы күні өтті.Оған еліміздегі жетекші балалар мен жасөспірімдер басылымдарының бас редакторлары, балалар ақындары, жазушылары мен драмматургтері, анимация және аударма саласының өкілдері, журналистер, телеарна, сайт жетекшілері, білім саласының өкілдері және оқушылар қатысты.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жиынның ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев сөз сөйлеп, балаларды рухани бай етіп өсіру маңызды іс екенін айтты.

«Біз балаларды жан-жақты дамыту,құқығын қорғау, ізгілікке, шығармашылыққа бейімдеу бағытындағы жұмыстарды күшейтуіміз керек. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарының, балалар әдебиетінің, анимация саласының маңызы жоғары. Әлеуметтік желілерде, сайттарда бала дүниетанымына оң әсер ететін дүниелерді көбейту мәселесі де өзекті. Жасөспірімдерді қатыгездікке шақыратын, ой-өрісін, жан-дүниесін бұзатын керітартпа ақпарат көздерін шектеуіміз қажет. Бұған қарсы тұру үшін бүгінгі жиынға қатысып отырған шығармашылық өкілдері мен жергілікті билік күш біріктіргені жөн. «Jas Túrkіstan – 2019» балалар шығармашылық марафонын өткізудегі мақсатымыз да – осы», – деді Мәлік Нұржанұлы.

Толығырақ...

ХАБАРЛАНДЫРУ!

orig blog 14701 0 Құрметті Түлкібас ауданының тұрғындары!

2019 жылдың 28 мамыр күні Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Тұрғараев Мұхит Бекетұлы облыс тұрғындарымен жеке қабылдау жүргізетіндігін хабарлаймыз!

Толығырақ...

Білімі мен біліктілігін көтеру бойынша семинар

60424305 185590455765632 2061511038527864832 o Түлкібас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы дін істері басқармасының тапсырысы негізінде "Рухани Алатау" қоғамдық бірлестігімен бірлесе, 2019 жылдың 15 мамыр күні, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, ауданымыздағы дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, аудандық және ауылдық ақпараттық түсіндіру топ мүшелеріне, мекеме және мемлекеттік қызметшілерге сонымен қатар мектеп оқушыларына дін саласына қатысты сабақ беріп жүрген мұғалімдердің білімі мен біліктілігін көтеру бойынша семинар-кеңестер өткізілді. Семинарды облыстық "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-нің дінтанушысы Салықбаев Қайрат Құралтайұлы өткізді. Семинар барысында қатысушыларға арнайы сертификат беріліп, "Дін және отбасы құндылығы" тақырыбында әдістемелік құралдар таратылды.

Хабарландыру

2050kz

Ауа райы

  • 1logo-1424.jpg
  • 2memkyzmet.jpg
  • 1348047368.jpg
  • 1349264193.gif
  • 1360515974.gif
  • 1366082058.gif
  • 1379961931.gif
  • 1380530965.gif
  • ruhani.jpg